Түркістан облысында кезекті кортеж жүргізушілері жауапқа тартылды (ВИДЕО)

Динара Амантай

Көліктер айыптұраққа қойылды

Фото: видеодан скриншот

Түркістан облысында кезекті кортеж жүргізушілері жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында тәртіп сақшыларының назарына Төлеби ауданы жолдарының бірінде жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілердің бейнежазбасы ілінген. Құқық бұзушы Toyota Land Cruiser және Toyota Camry автокөліктерінің жүргізушілері, яғни Қазығұрт ауданының тұрғындары анықталды.

Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі мен 595-бабы 1-бөлігі бойынша хаттамалар толтырылды.

Аталған көлік құралдары айыптұраққа қойылды