Павлодар облысында септиктен 4 жасар баланың мәйіті табылды

Динара Амантай

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Фото: polisia.kz

Павлодар облысында септиктен 4 жасар баланың мәйіті табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше Мойылды кентінде септиктен 2019 жылы туған баланың мәйіті табылған. Анықталғандай, бала ата-анасының назарынан тыс қалып, көрші үйлердің бірінің ауласында орналасқан ағашпен жабылған септикке құлаған.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сараптама тағайындалды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодар облысында 8 жасар бала 3 метрлік шұңқырға құлап кеткенін хабарлаған болатынбыз.