×

Алматы облысында күн сайын энергетикалық сусын ішкен ер адам жансақтау бөліміне түсті

Ол өте ауыр халде жатыр

 Дәурен Ерболат 30.05.2023 | 15:00
Фото: pixabay.com

Алматы облысында күн сайын энергетикалық сусын ішкен ер адамның жүрегі ауырып, жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Туыстарының айтуынша, науқас соңғы 4 жылда күн сайын энергетикалық сусындар ішкен.

Ер адам толық медициналық тексеруден өтті. Дәрігерлер оған созылмалы жүрек жеткіліксіздігі деген диагноз қойды. Бұл – жүректің соғу функциясы бұзылып, органдар мен тіндерге оттегінің жетіспеушілігінен туындайтын ауру, - деп жазылған хабарламада.

Басқарма мәліметінше, бүгінде науқастың жағдайы өте ауыр. Ол жансақтау бөлімінде жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Дәрігерлер энергетикалық сусынның құрамында кофеиннің көп дозасы барын, оны көп ішу денсаулыққа зиян екенін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама