Автокөлікке VIP нөмірді интернетте таңдауға болады

Халық үні

Былтыр автокөлік иелері шамамен 6 млрд теңгеге VIP нөмір сатып алған

Фото: ашық дереккөз

Автокөлікке VIP мемлекеттік нөмірді интернетте таңдауға болады. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми ақпаратқа сәйкес, былтыр автокөлік иелері шамамен 6 млрд теңгеге VIP нөмір сатып алған.

Осындай нөмірлерді сатып алуды қолжетімді ету үшін ІІМ оларды таңдау және брондау бойынша тиісті сервис әзірледі. Бұл сервис Цифрлық даму министрлігінің «Smart Bridge» сервистер витринасында орналастырылған, - делінген ақпаратта.

Сервис мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған барлық интеграциялық платформада, оның ішінде екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында да қолжетімді.

Сонымен қатар азаматтарға ыңғайлы болу үшін осы қызметті еGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетке шығару қарастырылып жатыр.