×

Астанада 29 адам алаяққа 150 млн теңгеге алданған

Қала тұрғындары қалталарынан қыруар ақшаны санап берген 

 Дастан Жұмабекұлы 30.05.2023 | 08:14
фото: ашық дереккөз

Астана қаласында алаяқ 29 адамнан шамамен 150 млн теңгені алдап алған, деп хабарлады Polisia.kz.

Алаяқ қала тұрғындарына автокөлік, ипотека, қолма-қол несие және инвестиция бойынша көптеген қызмет түрлерін ұсынып, ақшаларын қолды еткен.

Барлық жәбірленуші Байқоңыр ауданының полиция басқармасына хабарласып, алаяққа алданып қалғандарын айтқан. Алданған халық қалтасынан 1-22 млн теңгеге дейінгі ақшаны санап берген

Соның бірі – күйеуінің досына сенген әйел, алаяққа 1 млн 237 мың теңге бергенін айтты. Ол әйелге көлікті несиеге алуға көмектесуге уәде беріпті. Автонесие алуға қаражаты жетпеген әйелге микроқаржы ұйымынан тауарлық несиемен ақша алуды ұсынған. Соның кеңесімен әйел 5 микроқаржы ұйымынан ақшалай және тауарлық несие алған. Біраз уақыттан кейін жәбірленуші өзінің алданғанын түсініп, полицияға хабарласқан.

Сол сияқты, алаяқ ақша мәселесін шешуге көмектесемін деп, басқа да қала тұрғындарын алдаған. Қазір осы қылмыстарға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама