×

Қызылордалық оқушы түрік фильмінде басты рөлді сомдады

Сондай-ақ ол Ататүріктің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық байқаудан бас жүлде иеленді

 Еркеғали Болатұлы 28.05.2023 | 17:03
фото: дереккөз

Қызылорда қаласында №264 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Ержігіт Сармырзаев түрік фильмінде басты рөлдердің бірін ойнап шықты. Бұл туралы облыстық әкімдіктің ресми сайты хабарлады.

Халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы Финике қаласында балалар фильміне түсіп, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Шетелдік киноға түсе жүріп, Ержігіт Ататүріктің 100 жылдығына орай мәнерлеп оқудан ұйымдастырылған халықаралық байқауға қатысып, Түркияның атақты шайыры Неджип Фазыл Кысакюректің «Annacigim» шығармасын түрік тілінде орындап, бас жүлде иеленді, - делінген ресми хабарламада.

Мектеп басшылығы бала тәрбиесінде, өнер жолында қолдау көрсетіп жүргені үшін Ержігіт Сармырзаевтың анасын арнайы алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпат көрсетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама