×

Антикор Атырауда істі болған 5 шенеунікке қатысты қосымша ақпарат берді

Ведомство 2022 жылдың І тоқсанын қорытындылады

 Айнұр Асылбекқызы 20.04.2022 | 09:47
көрнекі фото: azattyq.org

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің өндірісінде биыл үш айда 65 қылмыстық іс болды: 15 іс аяқталып, 8 іс сотқа жолданды. Тергеу барысында келтірілген залалдың 20,2 млн теңгесі  өндірілді. 8 тұлға сот шешімімен сотталды.

Қазір Атырау облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті басшысына және осы ведомстваның бөлім басшысына қатысты қылмыстық іс тергелуде. Олар жүйелі түрде мүмкіндігі шектеулі жандардан мүгедектікті кедергісіз ұзарту үшін 30 000 және 70 000 тенге аралығында пара алған.   

​Сонымен қатар, жүк тасымалымен айналысатын тұлғалардан республикалық маңызы бар жолдарда кедергісіз жүру, әкімшілік жауапкершілікке тартпау және жалпы қамқоршылыққа алу үшін барлығы 10 млн теңгеден жоғары соммада бірнеше рет пара алу дерегі бойынша Атырау облыстық көлік бақылау инспекциясының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

​Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер үйқамаққа алынды. 

Сондай-ақ қазір ​ пара алу фактісі бойынша Құрманғазы ауданының Көктоғай ауылдық округінің әкімі, Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының инспекторы, Махамбет аудандық Өнерпаз мәдениет үйінің басшысы қатысты қылмыстық істер қаралуда. Оларға қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

​Департамент соңғы 3 жылда жемқорлық қылмысы туралы хабарлаған 19 тұлғаға 3 млн теңгеден астам сыйақы беріп, көтермелеген.

Үкімет қаулысына сәйкес жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы тағайындалады. 

​Параның немесе келтірілген залалдың сомасы немесе ұсынылған жеңілдіктердің немесе келтірілген қызметтердің құны бір мың айылық есептік көрсеткіштен аспайтын немесе залалы жоқ жемқорлық құқықбұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы төленеді.

​Егер, 1 мың айлық есептік көрсеткіштен асатын пара немесе келтірілген залалдың сыйақысы 10 пайызын құрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама