Күдіктің басқа қылмыстарға қатысы бар анықталып жатыр
Елордада супермаркеттен азық-түлік ұрлаған әйел анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 32 жастағы астаналықты ұстады.
Тергеу барысында әйел таңертең Тәуелсіздік даңғылындағы дүкенге келгені белгілі болды. Ол ешкім байқамай тұрған сәтті пайдаланып, азық-түлік ұрлаған.
Күдікті өз кінәсін мойындады. Қалада оның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Полицейлер астаналық сатушыларды қырағы болуға, күдікті тудыратын адамдарға назар аударуға кеңес береді.
Бұған дейін елордада 60 мың теңгенің шоколадын ұрлаған ер адам ұсталған еді.