×

Астанада ер адам 60 мың теңгенің шоколадын ұрлап кеткен

Қазір ол қамауға алынды

 Динара Амантай 22.05.2023 | 16:24
Фото: polisia.kz

Астанада супермаркеттен 60 мың теңгеге жуық сомаға шоколад ұрлаған азамат ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданының полицейлері елорда аумағында ұрлық жасауға қатысы бар 29 жастағы тұрғынды анықтаған. Супермаркет әкімшілігінің арызы бойынша, оның жалпы құны 55 725 теңге болатын 25 қорап Merci шоколадын алып шыққаны белгілі болды.

Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған астаналық азамат өз қылмысын мойындады. Қазір ол қамауға алынды. Бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті шағын және орта бизнес иелеріне қырағы болуды, нысандарын бейнебақылау камераларымен, сондай-ақ күзетпен жарақтандыруды ұсынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама