Қарақшылықпен сотталған жігіт әйгілі «Қара бүркіт» түрмесінде үйленді

Еркеғали Болатұлы

Олар газеттегі хабарландыру арқылы танысып, хат жазыса бастаған

фото: ашық дереккөз

«Қара бүркіт» мекемесінде жазасын өтеп жүрген ер адам сонда некесін қиды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Ерекше режимдегі колонияда жазасын өтеп жүрген сотталған екінші жартысын тапқан. Олар бір-бірімен газеттегі хабарландыру арқылы танысып, хат жазыса бастаған.

Біз біраз уақыт сөйлестік. Мен оны жоғалтқым келмегендіктен үйлену туралы шешім қабылдадым, - дейді сотталған Д.

Ерлі-зайыптының некесі №39 мекемеде қиылды.

Ер адам қарақшылық үшін жазасын өтеп жатыр. Мекеме психологтарының пікірінше, мұндай оң өзгерістер сотталушыға пайдалы, отбасын құру түзетудің маңызды қадамы болып саналады.

Айта кетері, «Қара бүркіт» түрмесі көпшілікке өмір бойына сотталғандар отыратын жабық колония және ең қатаң режимімен танымал.