×

Петропавлда жарты тоннаға жуық есірткі өртелді

Биыл заңсыз айналымнан 500 келіден аса есірткі тәркіленген

 Дастан Жұмабекұлы 19.05.2023 | 08:57
фото: ашық дереккөз

Петропавлда жарты тоннаға жуық марихуана өртелді. Жергілікті полицейлер есірткінің ірі партиясын пешке жағып жіберді.

Биыл Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде аса ірі мөлшердегі марихуана партиясын тәркілеген еді. Олар «Петропавл-Астана» автожолында Volkswagen Passat автокөлігін тоқтатып, жүксалғыштан 128 келі марихуана тауып, одан кейін тінту кезінде ұсталғандардың бірінің гаражынан 300 келі марихуана мен 21 келі 300 грамм гашиш жасырылған орынды анықтаған болатын. Бұл соңғы 10 жылда облыс полицейлері тәркілеген ең ірі марихуана партиясы болды.

Осы заңсыз айналымнан алынған 460 келі марихуана мен гашиш жойылды. Тәртіп сақшылары есірткінің ірі партиясын комиссия мен жұртшылық алдында өртеп жіберді.

Бұл – СҚО-да биылдыққа есірткіні жоюдың бесінші іс-шарасы. Жалпы, тәртіп сақшылары жыл басынан бері заңсыз айналымнан 500 келіден аса түрлі есірткіні тәркілеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама