×

Астанада ұшып кеткен көлік доңғалағы аялдамада отырған қыздың басына тиді (ВИДЕО)

Соққы алған қыз жерге құлап түсті

 Еркеғали Болатұлы 18.05.2023 | 17:37
фото: avtotema.mediasalt.ru

Астана қаласында аялдамада автобус күтіп отырған қыздың басына көлік доңғалағы келіп тиген.

Осы оқиғаның видеосы @sputnik_aitady Telegram арнасына жарияланды. Кадрдан аялдамада отырған 2 адамның біріне кенет көлік доңғалағының ұшып келіп тигенін көруге болады. Бастан соққы алған қыз жерге құлап түсті. Ал жанында отырған ер адам көмек іздей бастады.

Астана қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл оқиға 27 сәуірде Абылайхан даңғылы мен Бурабай көшесінің қиылысында болған. Жеңіл көліктің доңғалағы  ұшып кетіп, қыздың басына тиген.

«18 жастағы қыз медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Бұл факті бойынша полицияға арыз түскен жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама