×

Hardcore FC Алматының Арбатына барады

Турнирге қатысушылар Алматыда «халықтың алдына шығады»

 Халық үні 18.05.2023 | 09:09
Фото: Olimpbet

18 мамыр сағат 15:00-де Жібек жолы даңғылы мен Панфилов көшесінің қиылысында жылдың басты ММА жарысына қатысушылардың көз арбасуы мен салмақ өлшеу рәсімі өтеді.

Hardcore FC MMA жекпе-жегіне дейін санаулы сағат қалды. Турнирге қатысушылар Алматыда «халықтың алдына шығады».

Сағат 15:00-де Арбатта (Жібек жолы даңғылы, Панфилов көшесінің қиылысы) спортшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, барлық маңызды ММА жарыстарының алдындағы дәстүрлі шараны орындайды.

Стурдаун немесе көз арбасу – сегізбұрышты алаңға шығар алдында спортшылардың қарсылас мысын басып тастауға тырысатын эмоционалды рәсім.

Сондай-ақ, Hardcore FC промоушнының жұлдыздарымен және басқа да танымал мықтылармен кездесу ұйымдастырылады. Бұл қатарда Самат Абдрахманов, Лендруш Акопян, Артём Тарасов, Тимур Никулин, Влад Белаз, Амхад Нохчо, Гаджи Автомат, Тагир Хибиев және т.б. бар.

Еске салайық, қазақстандық және ресейлік сегізбұрыштың супержұлдыздарының қатысуымен HFC MMA бірінші стадиондық турнирі жұма күні сағат 19:00-де «Алматы Аренада» өтеді.

Билеттер құны 3 600 теңгеден басталады, оны zakazbiletov.kz сайтынан онлайн сатып алуға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама