×

Конституциялық сот Жоғарғы сот қаулысының заңдылығын тексереді

Өтініш берушінің айтуынша, Жоғарғы сот өкілетіне жатпайтын қаулы қабылдаған

 Халық үні 18.05.2023 | 09:43
Фото: Sputnik.kz

Конституциялық сот  Жоғарғы соттың нормативтік қаулысын тексереді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Конституциялық Сот «Соттардың бала асырап алу жөніндегі заңнаманы қолдану практикасы туралы» Жоғарғы соттың 2016 жылдың 31 наурызындағы № 2 нормативтік қаулысының 3-тармағының 5-абзацының Конституцияға сәйкестігін қарау туралы азаматтың өтініші бойынша отырыс өткізді.

Процесс барысында азаматтың мүддесін заң консультанты қорғады.

Өтініш субъектісі өкілінің ақпаратынан Жоғарғы сот нормативтік қаулысының даулы абзацына сәйкес асырап алынатын балаға қатысты әке болуды растайтын молекулярлық-генетикалық сараптама қорытындысының болмауы соттың оның сенім білдірушісінен өтінішті қабылдаудан бас тартуына негіз болды, - делінген ақпаратта.

Өтініш беруші бұл норма Жоғарғы соттың өкілеттігінен асып түседі деп санайды. Өйткені өтініш берушінің пікірінше, Жоғарғы сот нормативтік қаулылар қабылдау арқылы сот практикасы мәселелерін түсіндіруге ғана құқылы. Бірақ сотқа жүгіну үшін жаңа талаптар белгілеуге құқылы емес.

Конституциялық сот өтініш авторының, Жоғарғы сот, Бас прокуратура, Білім және Әділет министрліктерінің, Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің ұстанымдарын тыңдады.

Конституциялық соттың қорытынды шешімі Конституциялық заңның 65-бабына сәйкес жарияланады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама