×

Өзбекстан экс-президентінің Ресейде тұратын ұлы әйелін ұрып тастады

Ислам Каримовтың ұлы Красногорск қаласында тұрады

 Дастан Жұмабекұлы 16.05.2023 | 15:37
Фото: ашық дереккөз

Ресейдің Красногорск қаласында Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың ұлы Петр әйелін соққыға жықты.

112 Telegram арнасының хабарлауынша, оқиға Подмосковный бульварындағы көпқабатты үйде болған. Петр Каримов әйелі Юлия Сметанкинамен сөзге келіп, оның соңы жанжалға ұласқан. Содан сөзге тоқтамаған Петр Каримов өмірлік серігін ұрып тастаған.

Әйелі ауруханаға жеткізілген. Ал оның күш жұмсаған жұбайын жергілікті полицейлер бөлімшеге алып кеткен. Тергеуден кейін ол босатылды.

Қазір полиция істің мән-жайын анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама