×

Елге 50 млн теңгенің смартфондарын заңсыз алып өтпек болған адам ұсталды

Бұл жайт «Қордай» өткізу пунктінде тіркелген

 Динара Амантай 16.05.2023 | 13:25
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ел аумағына 50 млн теңгенің смартфондарын заңсыз өткізбек болған ер адам ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ұлттық қауірсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 мамырда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті «Қордай» өткізу пунктінде Қазақстанға бағыт алған ҚР азаматының басқаруындағы жолаушылар микроавтобусын тоқтатқан.

Автокөлікті тексеру барысында құпия орында жасырылған, ілеспе құжаттары жоқ 220 смартфон табылды. Алдын ала мәлімет бойынша тәркілеген мобильдік құрылғылардың бағасы – 50 млн теңге шамасында.

Ұсталған ҚР азаматы мен тәркіленген жүк процессуалдық шешім қабылдау үшін аймақтық мемлекеттік кірістер департаментіне берілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама