Жаңаөзенде «Өзенпромгеофизика» қызметкерлері бейбіт ереуілге шықты

Ербол Тұрымбет

Олар ел президенті мен Маңғыстау облысының әкіміне үндеу жолдады

скриншот: видео

Жаңаөзенде «Өзенпромгеофизика» қызметкерлері тағы да бейбіт ереуілге шықты. Ереуілге шыққандар жалақыны 100% өсіруді, әлеуметтік пакеттің берілуін, 13 айдың жалақысын екі есе көтеруді талап етіп отыр.

Lada.kz хабарлауынша, олар жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істейтіндерді штатқа алуды талап етті.

Олар осы талаптар орындалмағанда ереуілге шығатынын жеткізді. Енді жұмысшылар ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа және Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақовқа видеоүндеу жолдады.

«Өзенпромгеофизика» АҚ қызметкерлерінің бейбіт ереуілге шығуды 15 сәуірде бастады.