×

Жамбыл облысында 25 жылқыны ұрлаған ер адам сотталды

Жәбірленушіге 12 млн 500 мың теңгеден аса материалдық залал келтірген

 Динара Амантай 13.05.2023 | 14:14
Фото: ашық дереккөз

Шу аудандық сотымен бөтеннің малын аса iрi мөлшерде жасырын жымқырды деп айыпталған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сотта анықталғандай, 2021 жылдың желтоқсан айында сотталушы бөтеннің малын, яғни 25 бас жылқыны жасырын жымқырып, жәбірленушіге 12 млн 500 мың теңгеден аса материалдық залал келтірген.

Сотталушы өз кінәсін мойындамады. Алайда оның кінәсі жәбірленушінің, куәлердың көрсетпелерімен мен заттай айғақтармен дәлелденді.

Жасалған қылмыстардың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сотталушыға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама