×

Есірткіні АҚШ-тан поштамен алдыртқан қылмыстық топ ұсталды

Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды

 Динара Амантай 12.05.2023 | 11:12
Фото: видеодан скриншот

Бір топ адам Қазақстанға АҚШ-тан халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы есірткі әкелуге әрекет еткен, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткі заттары басқа зат түрінде штаттардан Алматы қаласына жіберіліп, одан ары Астанаға жөнелтілген. Тексеру барысында ойыншық қораптарынан қою жасыл түсті ерекше иісі бар өсімдік заты табылған. Сәлемдемені алушы ретінде Астана қаласының тұрғыны көрсетілген.

Агенттіктің елордалық департаментінің қызметкерлері есірткі заттарының ары қарай жөнелтілуін толық бақылап отырған.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, зат есірткі болып шықты. Жалпы салмағы 500 грамм болатын кептірілген марихуана. Сәлемдемені Астана қаласының тұрғыны алып, одан әрі орау үшін басқа азаматқа берген. Аталған азаматтар сәлемдемені қабылдау-тапсыру кезінде ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама