Екібастұзда балабақша күзетшісін өлтірген әйел қамауға алынды

Дәурен Ерболат

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

Фото: karelia.ru

Павлодар облысында 30 жастағы әйел балабақша күзетшісін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Екібастұзда полиция әйелді ұстап, қамауға алды. Ол балабақша күзетшісін өлтірді деген ақпарат әлеуметтік желілерде тараған.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

30 жастағы әйел қылмысты жасады деген күдікке ілініп, қамауға алынды, - деп жазылған хабарламада.