×

Астанада ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болды (ВИДЕО)

«102» арнасына оның әйелі хабарласқан

 Динара Амантай 11.05.2023 | 12:52
Фото: bigkyiv.com.ua

Астанада полицейлер көпқабатты үйдің терезесінен секіргелі тұрған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, оқиға Рысқұлбеков көшесінде болған. Полицияның «102» арнасына әйел хабарласып, өзінің 45 жастағы жұбайы 6-қабаттан секіремін деп қорқытып жатқанын айтқан. Шақырту орнына патрульдік полицейлер Әділет Далабаев пен Нұрғазы Марат барды. Қызметкердің бірі төменде қалып, ер адаммен диалог жүргізіп, райынан қайтаруға тырысқан. Ал екінші қызметкер пәтерге кіріп, ер адамды ұстап алып, тартып кіргізген.

Ер адамға психологиялық көмек көрсетілді. Тұрғынды мұндай әрекетке не итермелегенін полицейлер анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама