Алматыда жануарлардың құқығын қорғауға арналған митинг өтетін болды

Еркеғали Болатұлы

Онда үй жануарларын алып баруға болады

фото: Тимур Батыршин

Алматы әкімдігі жануарлар құқығын қорғау мақсатында бейбіт митинг өткізуге рұқсат берді. Бұл туралы «KARE-Забота» жануарларды қорғау қоры хабарлады.

Қоғам белсенділерінің айтуынша, 14 мамырда «Сары-Арқа» кинотеатры артындағы алаңда бейбіт жиын өтеді.

«Митинг өткізуге рұқсат беріліп, қалалық әкімдікпен келісілген. Бейбіт жиынның мақсаты – мына мәселелер бойынша қоғамдық пікір білдіру:

  • жергілікті атқарушы органдардың жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң талаптарын орындамауы және саботаж жасауы;
  • «Ұстау-стерилизация-вакцинация-қайтару» бағдарламасын орындамау;
  • жануарларды өлтірудің тиімсіздігі, егер негізгі себептер жойылмаса, атап айтқанда: үй жануарларын жауапсыз ұстау және өсіру;
  • НҚА бойынша ресми жұмыс;
  • жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңнаманың тиісінше орындалуына қоғамдық бақылау саласындағы өз өкілетін жүзеге асыру бойынша қоғамдық инспекторлар жұмысына кедергілер;
  • ІІМ тарапынан жануарларға қатыгездік көрсету деректеріне тиісті реакцияның болмауы;
  • ит тістеп алғаны туралы сенімсіз деректер;
  • білім беру ұйымдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында (теледидар/радио/ақпараттық ресми сайттар), билбордтар мен плакаттарда таныстыру бағдарламаларын өткізуге қойылатын талаптар», - деді ұйымдастырушылар.

Митингке үй жануарларын алып баруға болады, бірақ жаңа серуендеу ережелеріне сәйкес иттерде тұмылдырық болуы керек.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі бұл митингке жергілікті билік келісім мен рұқсат бергенін растады.