×

Алматыда ер адам суицид жасамақ болды (ВИДЕО)

Іс материалдары жергілікті учаскелік инспекторға тапсырылды

 Динара Амантай 10.05.2023 | 10:16
Фото: polisia.kz

Алматылық полицейлер өз-өзіне қол салмақ болған азаматты құтқарып қалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Наурызбай аудандық ПБ-ның кезекші бөліміне белгісіз ер адамның 4 қабатты үйдің шатырында өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Құрамында полиция қызметкерлері Сембібай Ерген мен Өмірбек Нұрлан бар Буран-263 патрульдік экипажы бірнеше минуттан кейін оқиға орнында болды.

Белгілі болғандай, жергілікті тұрғын мас халде әйелімен жанжалдасып қалып, алдымен өзін-өзі пышақтамақ болған. Дегенмен қаннан қорыққан ол қараусыз қалған ғимаратқа барып, шатырға шығып, секіруге тырысқан. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жақын маңдағы ауруханаға алып кетті.

Іс материалдары жергілікті учаскелік инспекторға тапсырылды. Ол бірінші кезекте ер адамның отбасылық-тұрмыстық жағдайын тексеріп, өзін-өзі өлтіруге итермелеген мән-жайларды анықтайтын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама