×

Президент екі соғыс ардагеріне «Халық қаһарманы» атағын берді

Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені де тапсырылды

 Еркеғали Болатұлы 08.05.2023 | 10:30
фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ІІ Дүниежүзілік соғыстың екі ардагеріне «Халық қаһарманы» атағы берілді.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі, батылдығы, жанқиярлығы мен соғыстан кейін мемлекеттік және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Әбдіғали Қаймолдинге «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын, – делінген президент Жарлығында.

Сонымен қатар, соғыста көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Иван Степанович Гапич те осындай атаққа ие болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама