×

Балғамен ұрған: Абай облысында зейнеткерді тонаған күдікті ұсталды

Ол осыған ұқсас қылмыстары үшін бұрын сотталған 43 жастағы ер адам болып шықты

 Динара Амантай 03.05.2023 | 16:42
фото: ашық дереккөз

Абай облысында зейнеткерді балғамен ұрып, тонап кеткен күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, наурыздың соңында Әуезов аудандық ПБ-ға облыс орталығының 74 жастағы тұрғыны өзін біреудің тонап кеткені туралы арызданған. Дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобы жеткен. Ер адам жәбірленушінің басынан балғамен ұрып жіберіп, оның 3 мың теңге көлеміндегі ақшасын, алтын сырғасы мен телефонын иемденіп алған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полицейлер күдіктіні қолға түсірді. Ол осыған ұқсас қылмыстары үшін бұрын сотталған 43 жастағы ер адам болып шықты. Жауап алу барысында қаскөй өз кінәсін мойындады.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігі («Тонау») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама