Halyq Uni логотип
×

Елімізде 1,5 мыңға жуық ауылдың тұрғындары таза суға зәру

Мәселені шешу үшін бірнеше жыл керек
 

 Дәурен Ерболат 02.05.2023 | 10:57
Елімізде 1,5 мыңға жуық ауылдың тұрғындары таза суға зәру
фото: ашық дереккөз

Елімізде 1,5 мыңға жуық ауылда таза су жоқ. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгінде 6 295 ауылдың 4 900-і ауыз сумен қамтамасыз етілген. 1 395 ауылдың ауыз су мәселесін 2025 жылдың соңына дейін шешу жоспарланып отыр, - деді Марат Қарабаев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, қалған ауылдардың 69%-ы (963 ауыл) халқы аз елді мекендерге жатады.

«Оларға бюджет қаражатын тиімді пайдалану үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен кешенді блок модульдер (2023 жылы – 98, 2024 жылы – 277, 2025 жылы – 588) орнатылады. Біздің министрлік арқылы 391 ауылда (оның ішінде биыл 120 ауылды іске қосу) орталықтандырылған сумен жабдықтау құрылысы қамтамасыз етіледі және 41 ауылда (СҚО – 35, Ақмола, Қызылорда – 3) кентішілік желілер Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі арқылы топтық су құбырларын салу жөніндегі жобаларды іске асыру шеңберінде салынады», - деді министр.

Айта кетейік, биыл ауылдарды сумен жабдықтауға 280 млрд теңге бөлінеді.
 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама