×

Оралда жұмысқа шыққан жігіт жұмадан бері табылмай жатыр

Әдетте жұмысқа көлікпен кететін, бірақ жоғалған күні оны үйіне қалдырған

 Еркеғали Болатұлы 30.04.2023 | 14:35
фото: дереккөз

Оралда 28 сәуірде таңертең жұмысқа шығып, үйіне оралмаған 37 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлады «Мой город» порталы.

Жоғалған адамның аты-жөні – Руслан Өтепов. Әпкесі оның әдетте жұмысқа көлікпен кететінін, бірақ жұма күні оны үйге қалдырып кеткенін айтты.

Өзімен телефоны болатын. Кеше қоңырау барып тұрған, бірақ бүгін телефоны өшіп жатыр. Құжаттары да өзімен бірге. Ол ішпейді, бұған дейін үйден кетіп қалған емес, денсаулығында ақау жоқ, аздап кекештенетіні бар. Қатты уайымдап отырмыз, – дейді әпкесі Эльмира.

Ер адамның белгілері: қоңыр көзді, бойы шамамен 170 см, орта денелі. Ол жоғалған күні үстінде көк түсті футболка, қара джинсы шалбар және қара джинсы күрте болған. Туыстары полицияға арыз жазып қойған, қазір оны тәртіп сақшылары іздестіріп жатыр.

Туыстары Руслан Өтеповтің жүрген жері туралы қандай да бір мәлімет білетіндерден 8 (775) 688 63 05; 8 (777) 143 04 58 телефондарына хабарласуды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама