×

Терроризмге қарсы орталық астаналықтарға ескерту жасады

Азаматтарды мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын сақтауға шақырды

 Динара Амантай 29.04.2023 | 14:08
Фото: Терроризмге қарсы орталықтың баспасөз қызметі

Бүгін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға қарасты «Нұрлы жол» вокзалы аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі елордалық жедел штаб лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығулар өткізеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Терроризмге қарсы орталықтың баспасөз қызметінің мәліметінше, Іі-шараның мақсаты – төтенше жағдайларды жою және шартты терроризм актісін жолын кесу бойынша құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарының практикалық дағдыларын дамыту.

Жаттығу әртүрлі күрделілік элементтері бар жауынгерлік жағдайларға барынша жақын жағдайда өтеді.

Осыған байланысты «Нұрлы жол» вокзалының айналасына шектеу шаралары қарастырылған.

Ведомство өкілдері азаматтарды өтіп жатқан оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын сақтауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама