Halyq Uni логотип
×

Педофилдерге елімізге кіруге тыйым салынады

Бұл заң жүзінде бекітілмек

 Халық үні 13.04.2022 | 14:45
Педофилдерге елімізге кіруге тыйым салынады
фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаттары көші-қон мәселелері жөніндегі заңнамаға түзетулер енгізіп жатыр.

Тармақтардың бірінде экстремистік не террористік деп танылған ұйымға қатысы бар шетел азаматтарының елімізге келуіне тыйым салу, Қазақстан азаматтығын алуын шектеу ұсынылатыны көрсетілген.

Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыс жасаған адамдардың Қазақстанға келуіне өмір бойына тыйым салу ұсынылды.

Қазақстанда педофилдер мен террористерді елге кіргізуге тыйым салатын заң қабылданбақ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама