Қостанайда зейнеткер әйел 5-қабаттан құлап қаза тапты

Дастан Жұмабекұлы

Қарт кісі оқиға орнында жан тапсырған

фото: alau.kz

Қостанай қаласында зейнеткер әйел 5-қабаттан құлап мерт болды. Оқиға Көбеев көшесі бойындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Куәгерлер сол үйден 85 жастағы зейнеткердің 5-қабаттан құлап кеткенін айтады.

Alau.kz-тің хабарлауынша, осы оқиғаға байланысты полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алды. Зейнеткер оқиға орнында жан тапсырған.

Жедел-тергеу тобы оқиға орнында істің мән-жайын анықтап жатыр.