Атырауда полицейлер көпірден секірген 23 жастағы әйелді құтқарды (ВИДЕО)

Динара Амантай

Судың қатты ағысына қарамастан полиция қызметкерлері 7 минут ішінде әйелдің өміріне араша түскен

Фото: видеодан скриншот

Атырауда 23 жастағы әйел көпірден секіріп кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше сағат 15:48 шамасында ЖБО қызметкерлері жаяу жүргіншілер көпірінен секірмек болған әйелді байқап, дереу патрульдік полиция қызметкерлері мен Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөліміне бағыттама берген.

Суға секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған 23 жастағы әйелді полиция қызметкерлері Максим Рахмиденов және Мұратбек Белекен суға секіріп, қайыққа шығарған. Оларға көмекке Нұртай Жұмабаев пен Жеткіншек Иманғалиев келген. Судың қатты ағысына қарамастан полиция қызметкерлері 7 минут ішінде әйелдің өміріне араша түскен.

 Әйел ТЖД-ның алғашқы медициналық көмек көрсететін қызметкерлеріне тапсырылған.