×

Алматы облысында аламан бәйге өтеді

Бәйгенің жалпы жүлде қоры – 17 700 000 теңге

 Халық үні 26.04.2023 | 19:31
Фото: Ұлттық спорт қауымдастығы

1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай Алматы облысы Талғар ауданындағы Қоблынады батыр атындағы ипподромында ұшқыр бәйгеден Qazaq World Cup турнирі өтеді. Жарыс Мәдениет және спорт министрлігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылады.

Турнирдің ұйымдастырушылары – ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы, Алматы облысының әкімдігі, республикалық «Бәйге» федерациясы, сондай-ақ «Bayserke Agro» холдингі. Жарыстың жүлде қоры – 17 700 000 теңге.

Одан бөлек, көрермен арасында жалпы жүлде қоры 2 миллион теңгеге жуық «Ең үздік ұлттық киім», арқан тарту, қыз қуу, асық ату, қошқар көтеру сынды ойындардан сайыстар өткізілетін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама