Қостанайда 1 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Динара Амантай

Сәби қалалық балалар ауруханасының реанимациясына шұғыл түрде жатқызылды

Фото: elements.envato.com

Қостанайда 1 жасар бала 3-қабаттың терезесінен құлап, аман қалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 25 сәуірде кешке сағат 19:50-де Чехов көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйде болған. Бала ересектердің қарауынсыз қалып, ашық тұрған терезеге шығып, сыртқа құлап кеткен.

Сәби қалалық балалар ауруханасының реанимациясына шұғыл түрде жатқызылды. Дәрігерлер жабық бас миының жарақаты, жағдайы ауыр деген диагноз қойды.

Қостанай облысының ТЖД кезекті рет ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.