×

Ақтөбеде синтетикалық есірткі жеткізу арнасы анықталды

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

 Динара Амантай 26.04.2023 | 10:16
Фото: видеодан скриншот

Ақтөбеде кезекті синтетикалық есірткі жеткізу арнасы анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 17 сәуірде Ақтөбе облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы арнайы бөлімшесінің жауынгерлерін тарта отырып, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Завоводская көшесінде 26 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Hyundai Accent автокөлігін тоқтатқан. Көлікте жүргізушімен бірге жолаушы болды. Күдіктінің жалдамалы пәтерін тінту барысында 1,5 келіден аса «синтетика» тәркіленді.

ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі, 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер ҚПК 128-бабының талаптарына сәйкес, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге, 297-бабының 1-бөлігімен мүлкi тәркiленiп, 5 жылдан 10 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама