×

Алматыда Pfizer вакцинасын ақылы түрде алуға өтініш беру басталды

Вакцина салдыру бағасы әлі белгісіз

 Халық үні 06.12.2021 | 11:22
Алматыдағы №5 қалалық емхана, company.medelement.com

Алматыда Pfizer вакцинасын ақылы түрде алуға жазылу басталды. Бұл жайында Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің түсініктемесіне сәйкес, 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер сияқты санатқа жатпайтын азаматтар Pfizer ақылы түрде ала алады.

Басқарма мәліметінше, Алматы қаласында мына үш емханада Pfizer компаниясының Comirnaty екпесін ақылы түрде алуға болады:

  • №5 қалалық емхана – 8 (727) 344 98 04 немесе 8 707 101 28 93, 8 707 931 92 63 (WhatsApp), мекенжайы: Алматы қ. Алмалы ауданы, Мақатаев көшесі, 141.
  • №7 қалалық емхана – 8 (727) 376 33 99 немесе 8 701 111 61 81 (WhatsApp), мекенжайы: Алматы қ. Бостандық ауданы, Бұхар жырау көшесі, 14.
  • №5 қалалық клиникалық аурухана – 8 (727) 264 72 64 немесе 8 747 263 72 46 (WhatsApp), мекенжайы: Алматы қ. Медеу ауданы, Достық даңғылы, 220.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама