Halyq Uni логотип
×

Қостанайлық кәсіпкерлер Ресей астығын заңсыз тасымалдаған

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр

 Динара Амантай 24.04.2023 | 15:56
Қостанайлық кәсіпкерлер Ресей астығын заңсыз тасымалдаған
Фото: Halyq Uni

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері кіргізілген астық көлемін төмендетіп, Ресейден автомобиль көлігімен астықтың «сұр» импортымен айналысатын адамдар тобының қылмыстық әрекетін әшкереледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Агенттіктің мәліметінше, аталған азаматтар 2021-2022 жылдар кезеңінде Өзбекстан Республикасына 500 млн теңгеден аса сомаға 4,8 мың тонна көлемінде ресейлік астықты экспорттаған. Бұл ретте, аталған астықты экспорттау кезінде халықаралық транзиттік тарифті төлеуден жалтару мақсатында, оны қазақстандық тауар ретінде отандық шаруа қожалықтарының жалған шот-фактураларын пайдаланып, ол 88 млн теңге мөлшерінде транзиттік тарифтен жалтаруға мүмкіндік берген.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама