×

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 824,3 млрд теңге зейнетақы төленді

Елімізде зейнеткерлер саны – 2 млн 297 мың адам

 Динара Амантай 24.04.2023 | 10:16
Фото: gov.kz

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 824,3 млрд теңге зейнетақы төленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, төленген зейнетақының ішінде базалық зейнетақы – 253,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 571,2 млрд теңге.

Елімізде 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 297 мың адам болды.

Сондай-ақ 1 сәуірдегі жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 798 теңге болды. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 953 теңге, базалық зейнетақы – 37 845 теңге.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама