×

Алматы халқын әлеуметтік қолдауға 40 млрд теңге бөлінеді

Қаладағы мүгедектігі бар 120 адамға әлеуметтік интеграция орталығын ашу жоспарланған

 Халық үні 21.04.2023 | 13:32
Фото: ашық дереккөз

Алматыда тұрғын үй алу кезегін қысқарту мақсатында 38,2 млрд теңге бөлінеді. Ол қаржыға халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 2 мың пәтер сатып алынады.

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс II сессиясында айтты.

Оның айтуынша, 760 адамға «Демеу» және «Қамқор» орталықтарында қызмет көрсетіледі. Оларға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін 267,5 млн теңгеге ғимараттарды жөндеу жоспарланған.

Ал кешенді әлеуметтік көмек көрсету үшін мүгедектігі бар 120 адамға арналған әлеуметтік интеграция орталығын ашу жоспарланған. Бұл орталықта оңалту, сурет салу, театр, фото және операторлық өнер және т.б. оқыту жоспарланған. Осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен 180 млн теңге бөлінеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама