Алматыда тағы бір қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар қамауға алынды

Динара Амантай

Ұйым Қазақстан аумағында заңды тұлға ретінде тіркелмеген

Фото: Halyq Uni

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Агенттіктің мәліметінше, кәсіпорын тағамдық қоспалар мен басқа да дәрі-дәрмектерін өндіруге инвесторлардан қаражат тартқан. Өзінен кейін адамдарды алып келген салымшыларға бонус төлеу уәде етілген.

Айта кетсек, «Chia Tai Tianging» Қазақстан аумағында заңды тұлға ретінде тіркелмеген. Қазір ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті аталған серіктестіктің екі белсенді басшысын ұстап, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа ұйымдастырушыларды анықтап, табу бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр.