×

СҚО-да белгісіз біреулер ауыл бейіттерін бүлдіріп кеткен

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы аттанды

 Еркеғали Болатұлы 18.04.2023 | 16:02
фото: дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысында белгісіз біреулер қасиетті Рамазан айында бейіттерді қиратып, жан-жағын шашып кеткен. Жергілікті тұрғын мәселе бойынша полицияға арызданған.

СҚО полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

17 сәуірде СҚО Айыртау ауданының ПБ-не 61 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны 2023 жылдың басынан 15 сәуірге дейінгі аралықта белгісіз біреулер Айыртау ауданы Жұмысшы ауылының маңындағы зиратта орналасқан ата-анасының бейітін қорлағанын айтып арызданған, - делінген хабарламада.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы аттанды. Бұған дейін бейітте темір қоршаудың бір бөлігінің жоқ екені анықталған.

Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама