Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізеді

Халық үні

Жиын 19 сәуірде өтеді деп жоспарланған

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өтеді.

Ақорданың хабарлауынша, жиын 19 сәуірде өтеді деп жоспарланған.

Жиынға премьер-министр, парламент палаталарының спикерлері, президентке тікелей есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Үкімет мүшелері, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстар мен аудандардың әкімдері қатысады.

Сондай-ақ жиында Сенат пен Мәжілістегі парламенттік фракциялар мен комитеттердің жетекшілері, облыстық және аудандық мәслихаттардың төрағалары болады.