×

Үш бірдей афроамерикалыққа қарсы тұрған қазақ жігіті ем қабылдаудан бас тартты – СІМ

Қазақстан азаматы АҚШ-қа білімін шыңдау үшін барған

 Дәурен Ерболат 17.04.2023 | 17:14
Фото: instagram.com/oljas.kanybek/

Әлеуметтік желіде АҚШ-та жүрген қазақ жігітінің өзін тонамақ болған үш афроамерикалыққа жалғыз өзі төтеп беріп, тіпті бірінің қаруын тартып алғаны жайлы видео тарады.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа түсінік берді.

«Майами қаласында жергілікті қарақшылық топ Қазақстан азаматына қарсы тапанша қолданып, оның сөмкесін тартып алған. Оның айтуынша, сөмкеде құжаты мен ақшасы болған. Қазір құзырлы органдар тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Олар сөмкені ұрлаған күдіктілерді іздестіруде», - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, консул Қазақстан азаматын тауып, онымен және жергілікті құқық қорғау органдарымен байланысқан.

Төбелес барысында алған кішігірім жарақат алғанына қарамастан қазақстандық ем қабылдаудан бас тартты. Оның денсаулығына қауіп жоқ, аман-есен, - деді СІМ ресми өкілі.

Айбек Смадияров қазақ жігітінің АҚШ-та заңды түрде жүргенін атап өтті.

Қазақстандық АҚШ-қа екі айға оқуға барған. Ол Латвиядағы аэронавигация институтынан Америка Құрама штаттарына практикаға барған. Оның мамандығы – авиадиспетчер, - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама