Еліміздегі талантты әншінің анасы қайтыс болды

Халық үні

Әзірге қайтыс болғаны белгісіз

фото: әлеуметтік желіден

Белгілі әнші Жеңіс Ысқақованың анасы қайтыс болды. Бұл туралы өнер иесі өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады. 

«Жаның жәннатта болсын, Жан анам», - деп жазды Ысқақова.

Еліміздегі талантты әншіге оқырмандары мен өнердегі әріптестері көңіл айтып жатыр.

Алтынай Жорабаева, Мәдина Сәдуақасова, Гүлнұр Оразымбетова, Қайрат Әділгерей, Майра Ілиясова және Алтынбек Рахметов сынды эстрада және өнер жұлдыздары әншінің қайғысына ортақтасқан.

Әзірге Жеңіс Ысқақованың анасы неден қайтыс болғаны белгісіз.