×

Жетісу облысында оқ-дәрілер сақталған орын табылды

Қазір полиция темір контейнер туралы мәлімет іздестіріп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 13.04.2023 | 10:38
фото: polisia.kz

Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек ауылынан 15 шақырым жерде оқ-дәрілер сақталған орын табылды.

5,45 мм калибрлі патрондардың 729 данасы әскери полигон маңындағы далада табылған металл контейнерде болған.  

Қазір полиция шалғайдағы оқ-дәрілері бар темір контейнер туралы мәліметті іздестіріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама