×

Павлодар облысында 21 шетелдік құрылыста заңсыз жұмыс істеген

ЖШС-нің 34 жастағы басшысына айыппұл салынды

 Динара Амантай 12.04.2023 | 11:23
Фото: видеодан скриншот

Павлодар облысында заңсыз еңбек қызметін пайдаланған ЖШС басшысына айыппұл салынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, рейдтік іс-шаралар барысында Өзбекстан Республикасы азаматтарының 21 жастан 57 жасқа дейінгі заңсыз еңбек қызметін жүзеге асыру фактісі анықталған. 21 шетелдік азамат объектінің құрылысына тартылып, бұл ретте ЖШС иесі еңбек қызметін жұмысқа орналасуға рұқсатсыз, ауызша шарт бойынша жүзеге асырған.

Шетелдіктерге қатысты ҚР ӘҚБтК 5-бөлігінің 517-бабы бойынша әкімшілік материалдар жасалып, қарау және шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. ЖШС-нің 34 жастағы басшысына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама