×

Шымкентте кәсіпкерлерге ірі көлемде айыппұл салынды

«SMO GROUP» ЖШС 700 мың теңгеге жуық ақша төледі

 Дастан Жұмабекұлы 11.04.2023 | 16:57
фото: ашық дереккөз

Сауда және индустрия министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті тарапынан «SMO GROUP» ЖШС (бұдан әрі серіктестік, – ред.) Қырғыз Республикасының сәйкестікті растаушы уәкілетті органы арқылы «Турбокомпрессор F32» өніміне алған сәйкестік декларациясына зерделеу жүргізілді.

Онда серіктестік Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2015 жылғы 14 шілдедегі №77 шешімі және «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің (018/2011) талаптарына сәйкес сәйкестік сертификатын рәсімдеудің орнына, сәйкестік декларациясын рәсімдеп, заңбұзушылыққа барғаны анықталды.

Сәйкесінше, серіктестік заңды тұлға ретінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 415-1 бабының 1-бөлігі негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Комитет төрағасының бұйрығымен аталған сәйкестік декларациясының күші жойылды.

Серіктестік әкімшілік кодекстің 893-бабында белгіленген мерзім ішінде 672 750,0 теңге көлеміндегі айыппұлды бюджетке төлеуге міндеттелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама