×

Астанада күтуші қыз зейнеткердің 2,5 млн теңгесін ұрлаған

Алаяқтықпен айналысқан бойжеткен көп ұзамай ұсталды

 Дастан Жұмабекұлы 11.04.2023 | 15:07
фото: ашық дереккөз

Астана қаласында күтуші қыз алаяқтықпен айналысып, зейнеткердің 2,5 млн теңгесін ұрлаған. Polisia.kz-тің хабарлауынша, 73 жастағы зейнеткер полицияға күтуші қызға алданып қалғаны жөнінде арызданған.

Алматы ауданының ПБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 22 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Тергеу кезінде белгілі болғандай, зейнеткерді алдаған қыз оның үйінде күтуші болып жұмыс істеген. Алаяқ бірнеше ай егде жастағы әйелдің атынан банктің мобильді қосымшасына кіріп, коммуналдық төлемдерді төлеймін деген сылтауымен шотта жиналған қаражаттан 2,5 млн теңгеге жуық ақша ұрлаған.

Полицейлер зейнеткердің арызын қарап, алаяқтықпен айналысқан қызды ұстады. Қазір оның басқа да қылмысқа қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама