300-ге жуық кәсіпорынның жұмысшыларға берешегі 1,9 млрд теңгеден асып кеткен

Динара Амантай

Олардың басшыларына 31,6 млн теңгеден аса айыппұл салынды

Фото: gov.kz

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 8,1 мыңнан аса жұмысшының құқығын қорғады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 249 кәсіпорнында 11,3 мың жұмысшының алдында 1,9 млрд теңгеден аса сомаға жалақы бойынша берешекті анықтаған.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 248 нұсқама беріліп, 31,6 млн теңгеден аса айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 8,1 мыңнан аса жұмысшының құқығы қорғалды. Оларға 1,3 млрд теңге төленді.