×

Ақтөбе облысында жол апатынан 2 жүргізуші қаза тапты

Сотқа дейінгі тергеу басталды

 Динара Амантай 10.04.2023 | 11:25
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 7 сәуірде Lada Priora автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі Жаңажол-Сарыкөл автожолымен (Сарыкөл ауылынан 4 шақырым қашықтықта) жүріп келе жатып, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, 68 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Renault Daster автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada жүргізушісі оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза тапты. Екінші көліктің жүргізушісі алған жарақаттарынан Кеңқияқ ауылы ауруханасының қабылдау бөлімінде көз жұмды. Lada-да болған бір жолаушы мен Duster көлігіндегі үш жолаушы (арасында екі кәмелетке толмаған бала бар) Кеңқияқ ауылындағы ауруханаға жатқызылды.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама