×

Қазақстанда спектакльдер санын жылына 600-ге дейін жеткізу жоспарланып отыр

Биыл 245 спектакль қою міндеті тұр

 Дастан Жұмабекұлы 07.04.2023 | 13:27
фото: ашық дереккөз

Мәдениет және спорт министрлігі 2029 жылға қарай жыл сайын қазақстандық авторлардың 600 спектаклін сахналауды жоспарлап отыр. Қойылымдар саны кезең-кезеңімен көбейеді. Ведомствоның хабарлауынша, биыл 245 спектакль қою міндеті тұр. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 62 қойылымға артық.

Сонымен қатар тұжырымдама инклюзивті топтың балалары үшін театр труппаларын ашуды, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға спектакльдердің онлайн-көрсетілімдерін ұйымдастыруды, жаңа театрлар салуды және жас таланттарды мемлекеттік қолдау шараларын одан әрі іске асыру айтылған.

Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешовтің айтуынша, еліміздің театр өнерін дамыту – алдағы бірнеше жылдағы басты міндеттеріміздің бірі. Театр біздің азаматтарымызға барынша қолжетімді болуға тиіс. Бұл тек көрермендер үшін ғана емес, сонымен қатар жас талантты драматургтер үшін де керек. Жаңа авторларсыз даму мүмкін емес. Сондықтан министрлік жаңа есімдерді танытуға ерекше назар аударады.

Мәселен, өткен жылы әдебиет саласындағы «Айбоз» тұңғыш ұлттық сыйлығы табыс етілді. Биыл қазақстандық жас жазушылар мен ақындарға арналған Президенттік әдеби сыйлық табыс етіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама